Accessibility links

ХОК делегациясы Солтүстік Кореяға барады


Томас Бах.
Томас Бах.

Халықаралық олимпиада комитетінің делегациясы Пхеньянға барады. Бұл туралы 25 ақпанда Пхенчханда өткен баспасөз мәслихатында ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Бах Солтүстік Кореямен тек спорттың дамуын талқылайтынын, саясат сөз болмайтынын айтты.

Бахтың айтуынша, "ХОК мен Солтүстік Корея арасындағы диалог жалғасады. Бірақ саяси сұрақтар болмайды. Саясат ХОК мандатына енбейді".

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді

Баспасөз мәслихатында Бах "Пхенчхандағы екі ресейлік спортшының допингпен ұсталғаны Ресей туын қайтаруға үлкен кедергі болды. Ресейдің ХОК қатарына қашан оралатыны белгісіз" деді.

Оқи отырыңыз: Солтүстік кореялық черлидинг топтың қылықтары

Пхенчхан ойындарының жабылу салтанаты 25 ақпанда өтеді. Бұл ойындарға Солтүстік Кореядан 22 спортшы қатысты. Хоккейден әйелдер арасындағы хоккей жарысына Оңтүстік пен Солтүстік Корея құрамасы бірге ойнады.

XS
SM
MD
LG