Accessibility links

Солтүстік кореялық черлидинг топтың қылықтары


Тау шаңғысы жарысында отырған Солтүстік кореялықтар. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.

Пхенчхан олимпиадасына Солтүстік Кореядан 22 спортшы қатысып жатыр. Спортшылардан бөлек Пхенчханға жастары 15-20 шамалас 200 қыздан құралған қолдаушы топ та келген. Олардың трибунадағы қолдау әдістері мен қылықтары әлем назарын аудартты.

Пхенчхан қысқы олимпиадасында Солтүстік Корея спортшылары қатысатын әр жарысқа 60-қа жуық қыздан құралған черлидинг топ (спортшыларды қолдаушы топ) келіп жүр.

СПОРТШЫ - АЗ, ҚОЛДАУШЫ - КӨП

Ақпанның 16-і күні өткен мәнерлеп сырғанаудан жұптар арасындағы жарысқа қатысқан Солтүстік Корея спортшылары Ким Чу Сик пен Ем Тхэ Окты қолдауға олар тағы келді. Елдің туына ұқсас, қызыл түсті сырт киім киген, бойлары шамалас қыздар жарыс өтіп жатқан мұз айдынға қаз-қатар тізіліп кірді. Қолдарында шағын пакет бар. Пакеттен Солтүстік Кореяның туының шеті көрініп тұрды. Оларды Солтүстік Корея құрамасының ресми киімін киген үш- төрт ер адам бастап келді. Соңында тағы екі ер адам жүрді. Ер адамдар журналистерді әйелдердің маңына жолатпады.

Қыздар жан-жағына қарамастан қаз-қатар тізілген бойы спорт кешеніне кіріп, үнсіз орындарына жайғасты. Жарыс басталғанға дейін трибунада хормен ән айтып, билеп, жұрт назарын өзіне аударды. Журналистер мен жанкүйерлер оларды жаппай видеоға, фотоға түсіріп жатты. Ал оларды стадионға бастап келген ер адамдар тек бақылаумен отырды.

ВИДЕО: Солтүстік Корея черлидинг топтың ән салған сәті

Пхенчхандағы Солтүстік Корея жанкүйерлері
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

Ақпарат агенттіктері мен Оңтүстік Корея басылымдарының жазуынша, Солтүстік Кореядан келген черлидинг топ жарыс алдында елдегі танымал патриоттық әндерді орындайды.

ТЕК СОЛТҮСТІК КОРЕЯ СПОРТШЫЛАРЫН ҚОЛДАУ

Ал жарыс ресми басталып, Солтүстік Корея спортшылары мұзға шыққанға дейін олар бір-бірімен сөйлескен жоқ, сыртқа да шықпады. Тек үнсіз отырды. Басқа спортшыларға да қолдау көрсеткен жоқ. Ал Солтүстік Кореядан келген мәнерлеп сырғанау жұбын хабарлағанда орындарынан тұрып, ту желбіретіп, спортшылардың атын айтып, айғайлай жөнелді. Әйелдерден құралған қолдау тобының мүшелерінің шапалақтауы, биі, қимыл қозғалыстары бірдей. Басқа жанкүйерлердің қолдауына мүлде ұқсамайды.

Чу Сик пен Ем Тхэ Ок бағдарламаларын орындап біткен соң қолдау тобы тағы хормен ән айтып, би билеп тұрды. Ал спортшылар мұз айдыннан кеткен бетте олар да орындарынан тұрып, спорт кешенінен шыға жөнелді.

Ём Тхэ Ок пен Ким Чу Сик төрешілер қойған ұпайды естіген сәті. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.
Ём Тхэ Ок пен Ким Чу Сик төрешілер қойған ұпайды естіген сәті. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.

Солтүстік Корея черлидинг тобы хоккейден әйелдер арасындағы турнирде, шорт-трек, шаңғы және тау шаңғысы жарыстарына да барып патриоттық әндер айтып, қолдау көрсетіп жүр. Жанкүйер назарын аудартқан солтүстік кореялық черлидинг топтың қылықтары әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр.

"КИМ ЧЕН ЫНДЫ" ҚУУ

Пхенчхан олимпиадасында хоккейден әйелдер арасындағы жарысқа екі Корея құрамасы бір команда ретінде қатысып жатыр. Солтүстік Кореядан бұл командада 12 әйел хоккейші бар. Корея хоккейшілері топтық кезеңде Швейцария, Швеция, Жапониядан жеңіліп, жарыстан ерте шығып қалды.

Ақпанның 14-і күні өткен Корея-Жапония хоккей матчына Ким Чен Ынге ұқсас адам келген. Ол Солтүстік кореялық черлидинг топпен қосылып билемек болған. Бірақ оны штаттық киімдегі үш-төрт адам күштеп залдан шығарып жіберді. Кейін “Ким Чен Ынның” шын есімі Говард екені анықталды. Ол Корея-Жапония хоккей ойынына билет алып, тек тамашалау үшін келгенін айтты.

Ким Чен Ынға ұқсас адам Корея-Жапония хоккей ойынына келген сәт. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.
Ким Чен Ынға ұқсас адам Корея-Жапония хоккей ойынына келген сәт. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.

Пхенчхан олимпиадасына Солтүстік Кореяда тек мәнерлеп сырғанаушы Чу Сик пен Ем Тхэ Ок ғана ережеге сай жолдама алған. Ал Сеул мен Пхеньян өкілдері ресми кездесіп, келіссөз жүргізген соң Халықаралық олимпиада комитеті Солтүстік Кореяға тау шаңғысы, шаңғымен жүгіру және шорт-трек құрамасына қосымша он жолдама берген.

Халықаралық басылымдардың жазуынша, Олимпиадаға келген Солтүстік Корея делегациясында қауіпсіздік қызметкерлері, шенеуніктердің саны спортшылардан екі-үш есе көп.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Пхенчхандағы Солтүстік Корея жанкүйерлері

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

Меншікті тілшіміз

Пхёнчханға аттанған Азаттықтың меншікті тілшісі Руслан Меделбек Қысқы олимпиада ойындарынан сіздерді хабардар етіп тұрады.

Руслан Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

"Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG