Accessibility links

“Зорланған баланың" шешесі "ұлын бермей жатқанын" айтты


Шарипа Батырбекова мен немересі. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 13 наурыз 2018 жыл.

Өзін ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы “сексуалдық зорлыққа ұшырады" деп сипатталған жеті жасар ұлдың "шешесімін" деп таныстырған әйел Азаттыққа Астанаға әкетілген баласымен жолыға алмай тұрғанын айтты. Оның сөзінше, "бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева мен пансионат қызметкерлері ұлды шешесіне бермей отыр".

16 наурызда сағат 19.10-да Азаттыққа хабарласқан "зорланған баланың" сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір бала мен нағашы әжесі Шарипа Батырбекованың Астана қаласы Шұбар шағынауданы Мирная көшесінде орналасқан "Мирное солнце" пансионатында отырғанын айтты. Ол да пансионаттың баланы шешесіне бермей отырғанын мәлімдеді. Бұл мәліметті пансионаттың ішінде қорғауға алынған баламен бірге отырған туысы Әзиза Батырбекова да растады.

Ал өзін "пансионат қызметкерімен" деп таныстырған әйел адам Азаттыққа "баланың шешесіне арнайы бөлме дайындап қойғанын, бірақ оның ішке кіруден бас тартқанын" айтты.

- Кіріңіз деп айттық. Бала мемлекеттің қорғауында, тергеуші келгенше күтуін сұрадық. Ішке кіруден бар тартты. Жанындағы жігіттер де кіреміз деді. Оларды кіргізбейміз дедік. Ашуланып тұрды. Тынышталуын сұрадық, - деді ол.

Бұған дейін "зорланған баланың" әжесімен тұрғаны, ал анасының Алматыда жұмыс істейтіні хабарланған. Баланың шешесі есімін жарияламауды қалайды.

Оқи отырыңыз: Билік өкілдері "бала зорлау" дерегін жоққа шығарды

13 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттыққа жеті жастағы жиенін былтыр тамыздан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағаны" туралы жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын айтқан. Бұл хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. 14 наурыз күні Батырбекова мен жиенін Алматыға тәуелсіз сараптамадан өтуге бара жатқанда Шымкент вокзалынан полиция ұстағаны хабарланған. Кеше бұл іске қатысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде арнайы жиын өткізіліп, бірнеше мекеменің басшысы жауапқа тартылған. Сол күні бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева Шымкентке келіп, "зәбір көрген" бала мен оның нағашы әжесін Астанаға алып кеткен. Балиева "зардап шеккен бала" қайта тексерілетінін мәлімдеген. 16 наурызда Алматыда баспасөз-мәслихатын өткізген адвокат Бауыржан Азанов "бала зорлауға" қатысты қылмыстық істі биліктің тыңғылықты жүргізетініне сенбейтінін айтқан.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG