Accessibility links

Солсбериде уланған полицей ауруханадан шықты


Полиция Солсбериде Сергей Скрипаль уланған жерді тексеріп жүр
Полиция Солсбериде Сергей Скрипаль уланған жерді тексеріп жүр

Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы уланған кезде зардап шеккен полиция қызметкері Ник Бейли ауруханадан шықты. Бұл туралы ВВС хабарлады. Бейли аурухана қызметкерлері мен өз отбасына қолдау танытқандарға ризашылығын білдірген.

Бейсенбі күні ақпарат құралдары Скрипальды уландыру оқиғасын тексерген екінші полиция қызметкерін де "уланған болуы мүмкін" деген күдікпен ауруханаға жатқызғаны туралы хабарлаған. The Telegraph басылымының жазуынша, қазір ол әкелі-балалы Скрипальдар жатқан ауруханада ем алып жатыр.

Наурыздың 4-і күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия уланып қалған. Тергеушілердің болжамынша, оларды кезінде СССР-да жасалған "Новичок" деген жүйкені жансыздандыратын затпен уландырған. Лондон бұның артында Мәскеу тұр деп санайды Ресей уландыру оқиғасына қатысы жоғын мәлімдеген.

"Скрипаль ісі" саяси жанжалға ұласып, Лондон Ресейдің 23 дипломатын Ұлыбританиядан шығарып жіберген. Мәскеу бұған жауап ретінде британдық 23 дипломатты Ресейден шығарып, Британ кеңесі бейсаяси ұйымының Ресейдегі өкілдігін жабу туралы шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG