Accessibility links

Солсбери соты Скрипальдар қанын тексеруге алуға рұқсат етті


Ұлыбританиялық тергеушілер Солсбериде қылмыс жасалған жерді тексеріп жүр. 8 наурыз 2018 жыл

Солсбери соты Ресей бас барлау қызметінің (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның қанын тексеруге алуға ресми рұқсат берді. Қан үлгілері әкелі-балалы Скрипальдарға қастандық жасаушылардың нақты қандай зат қолданғанын анықтау үшін Химиялық қаруға тыйым салу туралы ұйымның сарапшыларына беріледі.

Сергей мен Юлия Скрипаль әлі күнге ес-түссіз жатқандықтар, екеуіне қатысты медициналық шаралар жүргізу туралы шешімді тек сот қабылдайды. Сот шешімін жариялаған судья Дэвид Уильямс осы кезге дейін жүргізілген медициналық сынақтар "зардап шеккендердің миларына зақым келген болуы мүмкін" екенін көрсеткенін, әкесі мен қызының қашан өз-өзіне келетіндері әзірше белгісіз екенін айтқан деп хабарлады "Америка дауысы".

Осыдан бір күн бұрын Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Сергей мен Юлия Скрипальдардың денсаулығына қатысты елшіліктің бірнеше мәрте жолдаған өтініштерін британ тарабы қанағаттандырмай қойғаны туралы мәлімдеме жасаған.

Наурыздың 4-і күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия уланып қалған. Тергеушілердің болжамынша, оларды кезінде СССР-да жасалған "Новичок" деген жүйкені жансыздандыратын затпен уландырған. Лондон бұның артында Мәскеу тұр деп санайды. Ресей уландыру оқиғасына қатысы жоғын мәлімдеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG