Accessibility links

Иран министрі "ядролық келісім" елдеріне сапарын бастады


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф бүгін Қытайға барды. Иран баспасөзінің хабарлауынша, Иран министрі Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша Иран мен алты держава арасында жасалған келісімнен АҚШ шығып кеткеннен кейін, келісімге қатысушы елдерге сапарын Қытайдан бастап отыр.


Пекинге жеткен соң Зариф Тегеранның ендігі қадамдары туралы мәселені Қытаймен талқылайтыны туралы хабарлаған. Ол Иранның "барлық варианттарға дайын" екенін айтқан. Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөз өткізетін Зариф Иран мен Қытай қарым-қатынастарына жоғары баға берген.

Иран сыртқы істер министрі бұл сапарына Таяу Шығыста күрделі жағдай қалыптасып отырған шақта аттанды. Бұдан бірнеше күн бұрын Израиль күштерінің Сирияға жасаған әуе шабуылынан осы елде жүрген ирандық сарбаздардың кемінде 11-і қаза тапқан.

2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында қол қойылған келісім бойынша, Тегеран ядролық бағдарламасын шектейтін болса Иранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған халықаралық санкцияларды және АҚШ пен Еуропа Одағының санкцияларын жұмсарту көзделген еді.

XS
SM
MD
LG