Accessibility links

Құқық қорғаушылар Астананы "жала жабу" бабын қайта қарауға шақырды


Ratel.kz жаңалықтар сайты бас редакторы Марат Әсіпов (сол жақта) адвокатымен бірге сотқа қатысып отыр. Алматы, 10 мамыр 2018 жыл.

Баспасөз құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар коалициясы Қазақстан билігін елдегі танымал екі тәуелсіз басылымға қарсы істі жабуға және, құқық қорғаушылардың пікірінше, БАҚ пен журналистердің үнін өшіру мақсатында жиі қолданылатын қылмыстық заңнамадағы диффамация туралы бапты қайта қарауға шақырған. Журналистерді қорғау комитеті (CPJ), Халықаралық Пен-клуб және басқа ұйымдар атынан Қазақстан билігіне жасалған бірлескен мәлімдеме мамырдың 18-і күні IFEX (сөз бостандығы құқығын қорғау ұйымдарының желісі) сайтында жарияланған.

Үндеу авторлары елде "прокуратура мен сот органдары тарапынан Ratel.kz және басқа бірқатар БАҚ-қа қарсы сәйкес келмейтін, кейде құқыққа қайшы әрекеттерді қолдану тәжірибесі жиілегеніне" алаңдаушылық білдірген. Олардың пікірінше, мұндай жайттар Қазақстанда "құқықтық жүйені сыни пікірді тұншықтыру үшін пайдаланатынын" көрсетеді.


Алматы полициясы сәуірдің 2-і күні Ratel.kz жаңалықтар сайты мен Forbes журналының жергілікті бөлімшесі кеңселерінде тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарды алып кеткен. Бұған қоса аталған басылымдардың бірнеше қызметкерінің үйлеріне де тінту жүргізілген. Ratel.kz сайты мен оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парағы бұғатталған. Кейін полиция бұл шаралар бұрынғы мемлекеттік кіріс министрі, кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың арызы негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аясында жүргізілгені туралы мәлімдеген.

Экс-министр мәлімдемесінде аталған басылымдардың ол туралы "жалған мәлімет" жариялап, өзінің және ұлының "іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін" айтқан. Баспасөз құқығын қорғаушылардың дерегінше, Ratel.kz және Forbes Kazakhstan басылымдары 2016 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін Кәкімжановтардың "күмән туғызатын коммерциялық істері" туралы бірнеше мақала жариялаған.

Оқи отырыңыз: CPJ Астананы журналистерді қудалауын тоқтатуға шақырды

IFEX сайтында Қазақстанның Бас прокуратурасы, Жоғарғы соты, парламенті мен Ақпарат және коммуникация министрлігінің атына жарияланған үндеуге қол қоюшылар билік орындарын қылмыстық заңнамадағы журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына "сәйкес келмейтін" мөлшерде айыппұл салуға мүмкіндік беретін және оқиғаларды сыни тұрғындан баяндауға "қатер" төндіретін "көрінеу жалған ақпарат тарату" туралы бапты қайта қарауға шақырған.

Оқи отырыңыз: "Балборсықты" қудалау

Қазақстанның қазіргі президентін сынаушылар мен құқық қорғаушы ұйымдар 1989 жылдан бері билік басында отырған 77 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы өкіметтің саяси қарсыластары мен өзгеше ойдағы азаматтарды басып-жаншуға бағытталған іс-шараларды жүйелі жүргізіп отырғаны туралы талай рет мәлімдеген.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ratel.kz және Forbes Kazakhstan басылымдарына қарсы іске байланысты өткен айда таратқан мәлімдемесінде Қазақстан билігін жала жабу туралы заңды кәсіби міндетін атқарған журналистерді қудалау үшін пайдалануды тоқтатуға шақырған.

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG