Accessibility links

Ақ үй өкілдері саммитті әзірлеуге Сингапурға аттанады


АҚШ президенті Дональд Трамп. Аннаполис, 25 мамыр 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. Аннаполис, 25 мамыр 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ықтимал кездесуіне әзірлену үшін Ақ үй мен АҚШ мемлекеттік департаментінің отыз шақты қызметкері Сингапурға аттанады. Бұл туралы ақпаратты Ақ үйдің баспасөз қызметі растаған.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын талқылауға арналған Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі маусымның 12-і күні Сингапурде өтеді деп жоспарланған еді. Алайда мамырдың 24-і күні президент Трамп "Пхеньян тарапынан дұшпандық сарындағы мәлімдемелерге" байланысты Ким Чен Ынмен кездеспейтіні туралы жариялаған. Ал келесі күні Трамп Пхеньянмен диалогты жандандыру туралы айтып, Сингапурдегі саммиттің өтуі мүмкін екенін меңзеген.


Сенбі күні екі Корея арасындағы қауіпсіз аймақта Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын шекаралық аймақта кездескен. Бұл кездесу өтетіні туралы алдын ала хабарланбаған. Оның жай-жапсары әзірше белгісіз. Әйткенмен, кездесудегі негізгі тақырып – алдағы уақытта өтуі ықтимал АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары саммитіне арналған деген ақпарат тарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG