Accessibility links

Канцлер Меркельді Ресей түрмесіндегі Олег Сенцовты құтқаруға шақырды


Ресей түрмесінде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовті қолдау акциясына қатысушы ұстап тұрға жазу. Киев, 24 мамыр 2018 жыл.
Ресей түрмесінде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовті қолдау акциясына қатысушы ұстап тұрға жазу. Киев, 24 мамыр 2018 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Германия сыртқы істер министрі Хайко Маастың атына келген, Германия, Украина, Ресей және өзге елдердің 300-ден аса мәдениет қайраткерлері мен қоғамға танымал тұлғалары қол қойған хатта Ресей түрмесінде аштық жариялап жатқан украиналық режиссер Олег Сенцовты құтқару үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасауға шақырған.

Хатқа қол қойғандар арасында Нобель сыйлығының екі иегері, Еуропарламент және Бундестаг депутаттары, сонымен бірге режиссерлер, жазушылар, университет оқытушылары, құқық қорғаушылар бар.

Colta.ru сайты хаттың толық мәтінін жариялаған. Онда: "2018 жылы мамырдың 14-і күні Олег Сенцов [Ресей түрмесінен] украиналық саяси тұтқындардың барлығын босатуды талап етіп мерзімсіз аштық жариялады. <...> Қалыптасқан жағдайда ескере отырып біз оған көз жұма қарай алмаймыз. Олег Сенцов Ресей саяси сотының құрбаны болмауы тиіс. Біз сіздерді Олег Сенцовтың өмірін құтқару және барлық украиналық саяси тұтқындардың босап шығуына септесу үшін барлық мүмкіндікті жасауға шақырамыз" делінген. Бұған қоса хатта "арагідік баспасөзде Украина мен Ресей арасында тұтқындар алмасу мүмкіндігі және ықтимал "айырбас тізім" туралы хабарлар жарияланады. Келіссөздер өте баяу өтіп жатыр, мәмілеге қол жеткені туралы да, Ресей түрмесінде отырған 64 украиналық саяси тұтқындар жайлы да ашық ақпарат жоқ" деп жазылған.


Ресей билігі 2014 жылы мамырда украиналық режжиссер Олег Сенцов пен белсенді Александр Кольченконы Мәскеу аннексиялап алған Қырым түбегінде тұтқынға алған. 2015 жылы тамызда Ресей соты екеуін "Қырым аумағында террорлық іс-әрекеттер жоспарлағаны" үшін айыпты деп танып, Сенцовты 20 жылға, Кольченконы – 10 жылға бас бостандығынан айыруға және жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге үкім шығарған. Екеуі де өздеріне тағылған айыпты мойындамайтындарын мәлімдеген.

Ресейлік "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Сенцов пен Кольченконы саяси тұтқын деп таныған. Ресей билігі тұтқындағы екеуін "терроршылар және экстремистер тізіміне" қосқан.

Олег Сенцов пен Александр Кольченконың соты туралы фотогалерея:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG