Accessibility links

Чулпан Хаматова Серебренников пен Сенцовты қолдады


Ресейлік актриса Чулпан Хаматова.
Ресейлік актриса Чулпан Хаматова.

Ресейлік актриса Чулпан Хаматова Мәскеудің "Гоголь-центр" театрының көркемдік жетекшісі Кирилл Серебренников пен украиналық режиссер Олег Сенцовқа қолдау білдірді. Ульяновск қаласында "От всей души" 10-халықаралық фестивальдің ашылуында сөйлеген сөзінде аталған екі режиссерге тағылған айыптарды "ойдан құрастырылған" деп атаған Хаматова Серебренников пен Сенцовқа тезірек бостандыққа шығуларына тілектес екенін білдірген. Актриса бұл сөзін оған фестивальдің "Ар-намыс үшін" сыйлығы тапсырылған сәтте айтқан.

Кештің соңында сөйлеген советтік және ресейлік актер Вениамин Смехов Хаматованың сөзіне қолдау білдірген. Ол Серебренниковпен бірге жұмыс істегенін айтқан.


"Гоголь-центр" театрының көркемдік жетекшісі Кирилл Серебренниковті 2017 жылы тамыздың соңында Мәскеуде ұстаған. Оған "Седьмая студияя" театр труппасына бөлінген ондаған миллион рубль ақшаны жымқырған деген айып таққан. Осы іс бойынша Серебренниковпен бірге "Гоголь-центр" театрының бұрынғы директоры Алексей Малобродский, "Седьмая студия" труппасының директоры Юрий Итин, продюсер Екатерина Вороноваға да іс қозғалған. Олардың барлығы да тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Украиналық режиссер Олег Сенцов пен Қырым белсендісі Александр Кольченко 2014 жылы мамырда Ресей аннексиялап алған Қырымда тұтқындалған. Ресей соты оларды "терактілерге дайындалған" деп танып, Сенцовты 20 жылға, Кольченконы – 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Сенцов пен Кольченко өздеріне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан. Содан бері қамауда отырған Олег Сенцов биыл мамырдың 14-інде Ресей түрмесінде отырған барлық украиналық саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, мерзімсіз аштық жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG