Accessibility links

Қазақстан билігінен Қытайда ұсталған туысын босатуға көмек сұрады


Қытайда ұсталған этникалық қазақ Ертай Сұлтанбектің ағасы Жеңісбек Сұлтанбек (оң жақта) және белсенді Серікжан Біләш (сол жақта) баспасөз мәслихатында отыр. Алматы, 7 маусым 2018 жыл.

Қытайда қамауда отыр деген этникалық қазақ Ертай Сұлтанбектің туыстары баспасөз конференциясын өткізіп, Қазақстан билігінен көмек сұрады. Туыстары Ертайдың биыл 25 мамырда ұсталғанын, содан бері хабар-ошарсыз екенін айтады. Ағасы Жеңісбек Сұлтанбектің сөзінше, Ертай қамалған кезінде Қазақстандағы туыстарына "Елбасынан алғыс хат алғаным үшін кінəлімін бе" деген мазмұнда хабарлама жіберген.

Баспасөз жиынына келген белсенді Серікжан Білəш "Ертайдың ұсталуының тікелей президент Назарбаевқа қатысы бар" деген пікір айтты. Ол Ертай Сұлтанбектің ақын, композитор әрі ұстаз екенін, 2007 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Нұрағаның монологы" деп аталатын поэма арнағанын айтты. Поэмадан "Егемен Қазақстан" газетіне үзінді де шыққан. Президент поэма авторына 2008 жылы алғыс хат жіберген. Жиналғандар бұл баспасөз конференциясын президенттің Қытайға сапары кезінде əдейі ұйымдастырып отырғанын жеткізді. Жеңісбек Сұлтанбек інісінің ешқандай дінге қатысы жоқ екенін, Қытайда құран кітаптарды өртеп жатқандарын, бауырының саяси оқыту орталығынан тірі шығатынына да күмəнданатынын және қауіптенетінін айтады.

Қытайда қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы 2017 жылдың сәуір айынан хабарлана бастаған. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде германиялық қазақ Өмірхан Алтын бұл мәселені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерген.

Өткен айда Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін "Қытай азаматтығынан шығу заңдылығын бұзған болуы ықтимал" деген күдікпен Қытайда ұсталған этникалық қазақтар туралы журналистер сауалына берген жауабында: "Бізде дәл қазір 170-тей этникалық қазақ туралы мәлімет бар. Әрбір адам бойынша жұмыс істеп жатырмыз" деп айтқан.

Оқи отырыңыз: "Ұсталғандар саны министр айтқандағыдан көп"

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусымда Қытай астанасы Пекинге сапарлап барды. Назарбаев сапарында Қытай басшылығымен келіссөз өткізеді деп жоспарланғанн. Бірақ Қытайдағы этникалық қазақтар ортасындағы туыстарына барып ұсталып, қамалған Қазақстан азаматтары мәселесі бұл сапарда айтылар-айтылмасы әзірге белгісіз.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG