Accessibility links

Құқық қорғаушылар: Әлемде интернетке қауіп Ресейден төніп тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Британдық Article 19 құқық қорғау ұйымы БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесінің 27 маусымда Женевада өткен сессиясында Ресей билігінің интернетті шектеп отырған әрекетін сынады.

"Ресей интернетте ақпараттың еркін таралуын қатты шектейтін, бірақ билікке әлемдегі кез-келген адамның интернеттегі жеке бас мәліметтеріне еркін қол жеткізе алатын тетік жасап жатыр" делінген ұйым мәлімдемесінде.

Құқық қорғау ұйымының пікірінше, Ресейде интернет еркіндігін шектеу 2012 жылы басталған. Ресей билігі содан бері веб-сайттардың "қара тізімін" жасап, "веб-сайттарды сотсыз бұғаттау ілігін біртіндеп көбейтіп жатыр".

Article 19 Ресейде бірқатар интернет БАҚ пен LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталғанын айтады. Бұдан өзге, құқық қорғаушылар ресейлік интернет қолданушылар әлеуметтік желілерде өз пікірін білдіргені үшін қудалауға ұшырайтынын айтады.

Ресейде барлық байланыс операторлары мен интернет провайдерлерін қолданушылар туралы мәліметтерін сақтауға және арнайы қызмет қажет етсе оны шифрлау кілтін беруге міндеттейтін "Яровая заңы" қабылданған.

Оқи отырыңыз: "Операторлар қолданушы хабарламасын бір ай сақтауы тиіс"

Құқық қорғаушылардың пікірінше, осы заң талаптарын сақтамағандықтан Ресейде Telegram мессенджері бұғатталған. Article19 мәлімдемесінде Ресей Мемлекеттік думасы интернетті шектеуге қатысты тағы екі заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдағаны айтылады. Бір заң жобасы Ресейге қарсы халықаралық санкциялардың салынуына әкеліп соқтырған әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыстық жазалауды, екіншісі "интернет желілерін" жалған ақпаратты өшіруді талап етуді қарастырады. Сонымен қатар желі әкімшілері қолданушыны ұялы телефон нөмірі бойынша анықтап тіркеуге міндеттелмек.

Article19 мәлімдемесіне халықаралық және ресейлік 52 ұйым, оның ішінде Адам құқығы жөніндегі халықаралық федерация (FIHR), Human Rights Watch және Еуропадағы БАҚ қызметкерлерінің ең ірі бірлестігі "Еуропа журналистер федерациясы" қол қойған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG