Accessibility links

АҚШ соты газет редакциясына шабуылға күдіктіні кепілге босатпады


АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Capital Gazette басылымы редакциясына жасалған шабуылға күдікті Джеррод Рамос.
АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Capital Gazette басылымы редакциясына жасалған шабуылға күдікті Джеррод Рамос.

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы басылым редакциясына шабуылдап бес адамды өлтірген және бірнешеуін жаралаған деген күдікпен тұтқындалып, айып тағылған 38 жастағы Джеррод Рамосты сот кепілге босатудан бас тартты.

Маусымның 28-і күні қарулы ер адам Мэриленд штаты Аннаполис қаласындағы Capital Gazette басылымы редакциясындағы адамдарға оқ атқан. Полиция қылмысқа күдіктіні редакция ғимаратынан ұстағаны туралы хабарлаған.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та газет редакциясына шабуылдан бес адам қаза тапты

Бұл қылмысты АҚШ тарихында БАҚ өкілдеріне қарсы жасалған ең қанқұйлы шабуыл деп айтып жатыр.

Ақ үй мен америкалық саясаткерлер шабуылды айыптаған. Мэриленд штатының губернаторы Ларри Хоган Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына "мүлде құлазып қалдым" деп жазды. АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Сара Сандерс: "Өз жұмысын атқарған бейкүнә журналистерге шабуыл – әрбір америкалыққа қарсы жасалған" деп мәлімдеген.


Полицияның хабаралуынша, шабуылға ұшыраған редакцияға бұған дейін әлеуметтік желілерде қоқан-лоқы жасаған. Ондағылар шабуыл мақсатты түрде жасалған деп санайды.

Бұған дейін, мамырдың 10-ы күні АҚШ-тың Техас штатындағы Санта-Фе қаласында мектепке жасалған қарулы шабуылдан он адам қаз тауып, қылмысқа күдікті ретінде 17 жастағы жігіт тұтқындалған. Ақпанның 14-і күні Флорида штатындағы Поркленд қаласындағы мектепте 17 адам оққа ұшқан. Ол қылмысқа күдікті ретінде осы мектептің 19 жастағы бұрынғы оқушысы ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG