Accessibility links

CPJ Ресейдің "шетел агенті" заңын сынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Нью-Йорктегі "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists - CPJ) халықаралық ұйымы Ресей Мемлекеттік думасы комитетінің жекелеген журналистер мен блогерлерді "шетел агенті" деп танитын заң жобасын мақұлдағанын айыптады.

Құқық қоғау ұйымының мәлімдемесінде Ресей билігінің бұл қадамын "ақпараттың еркін таралуын шектеудің жүйелі саясаты" деп бағалады. Комитет Ресей билігін "саяси бағытын" өзгертуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Асыра сілтеген «қарымта»

3 шілде күні мемлекеттік думаның ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс комитеті жеке азаматтарды "шетел агенті" деп танитын заң жобасын мақұлдаған. Құжатта "шетел агенті" деп танылған БАҚ-қа материал дайындаған адамның өзін "шетел агенті" деп тану қарастырылған.


Ресейде былтыр қарашаның соңында шетелден қаржыландырылатын БАҚ-ты "шетел агенті" тізіміне қосуға жол ашатын заң қабылданған. Ресей Әділет министрлігі "шетел агенті" тізіміне "Америка дауысы" радиосын, Азат Еуропа / Азаттық Радиосы мен оның бірнеше қызметін және "Настоящее время" телеарнасын енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG