Accessibility links

Сирия көтерілісшілері Ресеймен келіссөзді жаңғыртуға ниет білдірген


Сирияның Дараа провинциясында бомба түскен жерде жүрген балалар. 4 шілде 2018 жыл. (Көрнекі сурет.)
Сирияның Дараа провинциясында бомба түскен жерде жүрген балалар. 4 шілде 2018 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирияның оңтүстігіндегі көтерілісшілер президент Башар Асад үкіметінің одақтасы Ресеймен келіссөздерді жаңғыртуды ұйғарған. Ресей күштері көтерілісшілер позицияларына қарсы бұрын-соңды болмаған – тәулікке жуық уақыт бомбалағаннан кейін олар осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы AFP агенттігіне Сирияның оңтүстігіндегі қарулы оппозиция тобының өкілі Хуссейн Абазид мәлімдеген.

"Келіссөз қайта жалғасады", - деп мәлімдеген Абазид.


Бұл мәлімдеме осыған дейін сириялық адам құқығын бақылау орталығы Сирияның үкімет күштері мен Ресей әскерилерінің көтерілісшілерге қарсы 24 сағатқа жуық уақыт толассыз жасаған әуе шабуылдары тоқтағаны туралы хабарлағаннан кейін тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG