Accessibility links

Таиландта үңгірде қалған балаларды шығара бастады


Үңгірден құтқарылған балаларды әкетіп бара жатқан тікұшақ. Таиланд, 8 шілде 2018 жыл.
Үңгірден құтқарылған балаларды әкетіп бара жатқан тікұшақ. Таиланд, 8 шілде 2018 жыл.

Таиландта жолын су басқан үңгір ішінен екі аптадан аса уақыт шыға алмай отырған оқушыларды құтқарушылар сыртқа шығара бастады. Құтқару тобындағы дайверлер өте күрделі әрі қауіпті операцияны шілденің 8-і күні бастаған.

"Алтауы үңгірден шыққаны туралы ақпарат алдым", - деп хабарлаған құтқару тобындағы аға қызметкер Reuters агенттігіне.

Өзге ақпарат құралдары құтқарушылар үңгірден төрт баланы алып шықты деп хабарлайды.

13 шетелдік және 5 жергілікті сүңгуірден құралған топ жолын су басқан үңгір ішіндегі қалған 11 жасқа дейінгі балалар мен олардың бапкерін алып шығу операциясын жалғастырып жатыр. Үңгірдің тар жолы қалың нөсер салдарынан су астында қалған.

Құтқарылған балаларды әуелі үңгір жанында ұйымдастырылған дала госпиталіне жатқызып тексергеннен кейін, тікұшақпен Чианграй қаласындағы ауруханаға жеткізген. Сәлден соң жергілікті ақпарат құралдары үңгірден тағы екі баланы шығарғалы жатқаны туралы хабарлады.

Су басқан үңгірден балаларды шығара бастады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Таиланд билігі құтқару операциясына әлемнің әр елінен, негізінен Еуропадан келген дайверлер қатысып жатыр деп мәлімдеген. Үңгірден су басқан жолмен шығатын әр баланың жанында екі дайвер бірге болады деп хабарланған.

Маусымның 23-і күні Таиландтың Чианграй провинциясындағы үңгірлер кешенін зерттеуге барған 12 жасөспірім ұл мен олардың бапкері қатты нөсер салдарынан қайтар жолды су басып қалғандықтан кері шыға алмай қалған. Жұма күні оларды құтқару операциясына қатысып жатқан бұрынғы әскери сүңгуір қаза тапқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG