Accessibility links

Пучдемон Каталония тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырмақ


Карлес Пучдемон.

Испанияның Каталония аймағының бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон Бельгияға оралған соң Каталонияның тәуелсіздігі үшін күресті жалғастыратыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Associated Press. Агенттіктің жазуынша, Брюссельде Пучдемонның Испаниядан арнайы келген Каталония үкіметінің қазіргі басшысы Ким Торремен кездескен.

Биыл көктемнен бері Пучдемон ешқайда кетпейтіні туралы қолхат беріп Германия аумағында болды. Өткен аптада Испания Жоғарғы соты Пучдемонды тұтқындау туралы шығарған халықаралық ордерін кері қайтарып алған.


Германия соты Пучдемонды тек мемлекеттік қаржыны ысырап қылғанына байланысты айыптау бойынша ғана экстрдициялауға рұқсат еткеннен кейін Мадрид ордерін қайтарып алуға мәжбүр болған. Ал Испания болса Пучдемонды бүлік айыбы бойынша жауапқа тартқысы келген. Сондықтан дәл осы іс бойынша процесті өткізу мүмкіндігін жоғалтқысы келмеген Испания билігі Каталонияның экс-лидерін тұтқындау туралы берілген халықаралық ордердің күшін жойғанымен оған қарсы тағылған айыптарды сол күйі қалдырған.

Карлес Пучдемон мен жақтастары былтыр күзде Каталонияда тәуелсіздік туралы референдум өткізген. Оны заңсыз деп таныған Испания билігі сепаратистік аймақ үкіметі мен парламентін таратып, Пучдемонның үстінен іс қозғаған. Карлес Пучдемон Бельгияға қашып, сол елден саяси баспана алған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG