Accessibility links

Қазақстан Азиадада үздік бестікке ене алмады


Азия ойындарында алтын алған Қазақстан спортшыларының бірі - Бағлан Ибрагим (самбо).

Қазақстан спортшылары Индонезиядағы Азия ойындарын аяқтады. Ел спортшылары 15 алтын, 17 күміс, 44 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға ие болды.

Жалпы есепте Қазақстанның алдында Қытай (129 алтын), Жапония (74), Оңтүстік Корея (49), Индонезия (31), Өзбекстан (21), Иран (20), Тайпей (17), Үндістан (15) тұр. Үндістан 24 күміс алғандықтан Қазақстанның алдына шықты.

Қазақстан бокс құрамасы алғаш рет Азия ойындарында алтын жүлдесіз қалды. Тек Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл күміс медаль иеленді.

Қазақстан жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Бұған дейінгі Азиадада бұл ел жалпы есепте төртінші-бесінші орын алған. 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында Қазақстан 28 алтын жеңіп алып, 4-орынды иеленген.

18 тамызда басталған Азия ойындарының жабылу салтанаты 2 қыркүйекте Джакартада өтеді. Келесі жазғы Азия ойындарын 2022 жылы Ханчжоу қаласы (Қытай) ұйымдастырады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG