Accessibility links

Төрт ел Скрипальдің улануына Ресейдің қатысы барын мәлімдеді


Полицейлер Солсберидегі Сергей Скрипаль мен қызы тұрған үйді қоршап тұр. Ұлыбритания, 3 сәуір 2018 жыл.

АҚШ, Франция, Германия және Канада Ұлыбританияның ресейлік бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге биыл наурызда Солсбери қаласында у беріп қастандық жасауға Ресейдің қатысы бар деген ұстанымын қолдады.

Бес ел басшылары біріккен мәлімдеме жасап, Ресейді Скрипаль уланған "Новичок" уын жасау тәсілін жариялауға шақырды.

5 қыркүйекте Тереза Мэй Скрипальдерді Кремльдің бұйрығымен әрекет еткен Ресей арнайы қызметінің қызметкерлері улағанын мәлімдеген. Ұлыбритания прокуратурасы қастандыққа күдікті Александр Петров пен Руслан Бошировтың суретін жариялап, оларды Еуропа аумағына ене қалған жағдайда дереу тұтқындауға ордер берген.

"Британ билігінің мәлімдемесі шетел барлау қызметтерінің өз территориямызда жаулық пиғылдағы әрекетін тоқтату, химиялық қаруға тыйым салу, азаматтарымызды және өзімізді бізге қарсы зымияндықтан қорғау ниетімізді бекіте түседі" делінген бес басшыларының мәлімдемесінде.

Ұлыбритания Скрипаль СССР тұсында жасалған жүйкені зақымдайтын улы "Новичок" затынан уланған деп санайды. Лондон "Скрипаль ісін" тергеу аясында Ресейдің 23 дипломатын елден шығарған. Мәскеу бұған жауап ретінде британдық 23 дипломатты Ресейден шығарып, Британ кеңесі бейсаяси ұйымының Ресейдегі өкілдігін жабу туралы шешім қабылдаған. Ресей билігі Скрипальге қастандық жасауға қатысы баын терістейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG