Accessibility links

Сенцов түрмеден ауруханаға жеткізілді


Олег Сенцовтың түрмеде түскен суреті. 9 тамыз 2018 жыл.
Олег Сенцовтың түрмеде түскен суреті. 9 тамыз 2018 жыл.

Ресей түрмелерінің бірінде төрт айдан бері аштық жариялап жатқан украиналық режиссер Олег Сенцов Лабытнаги қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Ресейдің Ямало-Ненец автономды округының сот үкімін орындау федералды қызметі хабарлады.

Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген Украина президенті Петр Порошенко Сенцов "өлім мен өмір арасында" деп мәлімдеген. Ол "БҰҰ Кремльден адам құқықтарын сақтау керектігін талап етуі тиіс" деген.

Ресей соты Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде "теракт ұйымдастырмақ болған" деген айыппен 2015 жылғы тамызда 20 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі. 42 жастағы Сенцов биыл мамырдың 14-інде Ресей түрмелерінде отырған барлық украиналық саяси тұтындарды босатуды талап етіп, аштық жариялаған.

Жүзден астам Халықаралық ұйым Ресейден Сенцовты босатуда талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG