Accessibility links

Астана әкімдігінің алдында полиция ондаған адамды ұстады


Полиция мен күштік құрылым өкілдері әкімдік алдына келген адамды ұстап әкетіп барады. Астана, 21 наурыз 2019 жыл.

21 наурызда Астана әкімдігінің алдында 20-ға жуық адамды полиция ұстап әкетті. Ұсталғандар арасында қала атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қарсы шыққандар да бар. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

"Жіберіңдер!". Әкімдік алдында ондаған адамды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

21 наурыз таңертең Астанада қала тұрғыны Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстаған. Сағидолдина қала әкімдігіне барып Астана атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге "қарсылық танытпақ болған". Полиция тұрғынды ұстап жатқан сәтте қолындағы қаулыны оқып берді. Қаулыда Сағидолдинаны елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде шақырған. Полиция нақты қай қылмыстық іс екенін айтпады.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған. Тоқаев ұсынысын Астана қалалық мәслихаты да қолдаған.

  • 16x9 Image

    Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

    2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. "КТК-7"  телеарнасында тілші  (2003-2005), "Қазақстан-Павлодар" облыстық телеарнасында редактор, шеф-редактор (2005-2013), "Астана" телеарнасы Павлодар облысындағы меншікті тілшісі (2013-2019) болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бері Азаттықтың Нұр-Сұлтан қаласындағы тілшісі.  

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG