Accessibility links

Нұр-Сұлтанда жас бақылаушылар тренинг өткізіп жатыр


Белсенділер Қазақстандағы президент сайлауына бақылау жасау туралы пікір алмасып отыр. 20 мамыр 2019 жыл.
Белсенділер Қазақстандағы президент сайлауына бақылау жасау туралы пікір алмасып отыр. 20 мамыр 2019 жыл.

20 мамырда Нұр-Сұлтанда "Next.kz" жас бақылаушылардың тәуелсіз тобы мен "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" алда болатын президент сайлауына бақылау жасау мәселесін талқылады. Жиынға мемлекеттік емес ұйымдар мен құқық қорғаушылар, азаматтық белсенділер мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Жиынға Қазақстанның әр аймағынан 17 ерікті келген. Олар бірнеше күн бойы тренингтен өтіп, сайлауға бақылау жасаудың әдіс-тәсілдерімен танысады.

Жиынның үйлестірушісі Әлішер Қожамқұловтың сөзінше, тренинг ұйымдастыру үшін қаржыны краудфандинг арқылы жинаған, ал еріктілер өз қаражаттарына келген.

"Next.kz" тәуелсіз жас бақылаушылар тобының белсендісі Арсен Әубәкіров Азаттыққа Орталық сайлау комиссиясымен байланысуға тырысып жатқандарын, бірақ әзірге нәтижесіз екенін айтты.

- Орталық сайлау комиссиясы бізді әзірге назарға алып отырған жоқ. Салмағы жоқ, жәй әшейін бір ұйым деп қарап отырған секілді. Әрине, біз сайлаудың нәтижесіне ықпал етеміз деп үміттенбейміз. Дегенмен адамдарға оның барысын ашып көрсеткіміз келеді. Қазір бізді қолдап жатқан жастар көп,- дейді ол.

Оқи отырыңыз: Әділ сайлауды қалайтын жастар тәуелсіз бақылау ұйымын құрды

Кездесу барысында жиналғандар интернет бұғатталса қалай жұмыс істеу керектігін айтып, өзара пікір алмасты. "Next.kz" тәуелсіз бақылаушылар тобы кезектен тыс президент сайлауының алдында құрылған.

Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелген:

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы;

Төлеутай Рақымбеков - "Ауыл" партиясы;

Жамбыл Ахметбеков - Қазақстан коммунистік халық партиясы;

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG