Accessibility links

Қазақстанда 8 маусым - Тыныштық күні


Көрнекі сурет.

Қазақстанда 8 маусым - Тыныштық күні. Бұл күні сайлауға байланысты кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Бұл күні телеарналардан белгілі бір кандидатқа дауыс беруге шақыратын сайлауалды роликтер көрсетіп, басылым не үнпарақтар таратуға, сайлаушылармен кездесуге тыйым салынған.

Informburo.kz сайтының жазуынша, орталық сайлау комиссиясы бұл күні штаб кандидаттары ғана емес, қарапайым тұрғындарды да әлеуметтік желіде жазған үгіт-насихат сипатындағы жазбасы үшін жауапкершілікке тартуы мүмкін екенін ескерткен.

Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз өткелі отыр. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков - "Қазақстан коммунистік халық партиясы";

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы,

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" партиясы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәді-Бек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG