Қырғызстан бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде мерт болған мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Альфа" арнайы жасағы командирінің орынбасары полковник Усенбек Ниязбековтің туыстарына ерлігі үшін медалі табысталды.
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сооронбай Жээнбеков қаза тапқан әскери туыстарына көңіл айтып, "Усенбек Ниязбековтің қазасы отбасына ғана емес, мемлекетке де ауыр тиді" деген.
7 тамыздың Қырғызстанның Шу облысындағы Кой-Таш ауылында "Алмазбек Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп жеткізуге" барған арнайы жасақ офицері Усенбек Ниязов оқ тиіп, қаза тапқан. Марқұмды 9 тамызда Бішкек маңындағы Ала-Арча зиратына жерледі.
13 тамызда Бішкектегі баспасөз мәслихатында Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев "сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, Ниязбековті кеуде тұсына тақап атқаны анықталды" деп мәлімдеген. 15 тамызда полковник туыстарының адвокаты Ниязбековтің қазасына күдікті ұсталғанын хабарлады.
Қырғызстанның бұрынғы президенті 62 жастағы Алмазбек Атамбаевты 8 тамызда Кой-Ташта ұстағаннан кейін сот шешімімен 26 тамызға дейін МҰҚК тергеу абақтысына қамады. Билік оған бірнеше ауыр қылмысқа байланысты айыптар тағылғанын хабарлады. Ұсталғанға дейін Атамбаев өзіне тағылған айыптады терістеп, істің "саяси астары бар" деп мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР