Accessibility links

Қазақстан 83 азаматын Уханьнан эвакуациялады


Маска таққан отбасы әуежайда кетіп барады. Көрнекі сурет.

2 ақпанда Қазақстан Қытайдағы вирус ошағы деп танылған Ухань қаласынан 83 қазақстандықты елге эвакуациялады, олардың 80-і - студент деп хабарлады премьер-министр сайты.

Сайттағы дерекке сәйкес, эвакуацияланған азаматтар денсаулығы тексерілгеннен кейін астанадан жеті шақырым жердегі көпсалалы емхананың инфекциямен күрес корпусындағы арнайы орынға 14 күндік карантинге орналастырылған.

"Медициналық мекемеде олар қосымша тексеруден өтеді, бірінші кезекте коронавирус бойынша тексеріледі" делінген хабарламада.

Олар әзірге тек дәрігерлермен ғана сөйлесе алады.Туыстары мен жақындарына елге келгені жайлы хабарланған.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Уханьнан Қырғызстан, Беларусь, Армения азаматтарын да эвакуациялауға көмектескен.

31 қаңтарда қазақстандық инфекционист Динагүл Баешева Қазақстанда 41 адам коронавирус күдігімен ауруханада жатыр деп мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар ресми түрде тіркелмеген.

2 ақпанда Қытайдың денсаулық сақтау саласы мамандары Ухань қаласынан тараған коронавирустан кемінде 304 адамның көз жұмғанын мәлімдеген еді. 14 380 адам вирусты жұқтырған.

Қытайдан тыс аумақта да вирус жылдам тарап жатыр. Соңғы екі күнде Ресей, Ұлыбритания, Швеция алғашқы вирусты жұқтыру оқиғасының тіркелгенін хабарлады. Вирустың таралуын тоқтату үшін Қытайға баруға тыйым салған мемлекеттер қатары көбейді. АҚШ, Австралия соңғы екі аптада Қытайда болған азаматтардың елге кіруіне тыйым салды.

Оқи отырыңыз: "Үйден шықпаймыз". Қытайдағы қазақстандықтар коронавирус жайлы

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG