Accessibility links

Қазақстанда тағы 22 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз таңертеңгі сағат 11.35-тегі дерегі бойынша, елде 22 адамнан коронавирус анықталған: Нұр-Сұлтанда - 16 адам, Алматыда - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адамнан вирус табылған.

Елде науқастар саны 251 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 78 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған.

Вирус жұқтырған 251 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 151 адам
  • Алматыда - 64 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысында - 6 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 2 адам.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG