Accessibility links

Тәжікстан билігі ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын жоққа шығарды


Тәжікстандағы ауруханалардың бірі. Көрнекі сурет.
Тәжікстандағы ауруханалардың бірі. Көрнекі сурет.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі Соғды облысы Жаббор-Расул ауданындағы орталық ауруханада 60 жастағы науқастың қайтыс болғанын растады, бірақ ер адамның 31 наурызда коронавирустан емес, пневмониядан көз жұмғанын айтты.

Бұған дейін марқұмның өлімінен кейін Жаббор-Расул ауданындағы орталық аурухананың карантинге жабылғаны туралы хабарланған болатын. Соғды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 6 сәуірде науқасты қараған дәрігергерлер мен марқұмның туыстары Худжанд қаласындағы инфекциялық ауруханада екенін растаған. Алғашқы анализ коронавирус жоғын көрсеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Бибихонум Дарвешзода 6 сәуірде Азаттықтың Тәжік қызметіне науқастың коронавирус тестінен өткенін, вирус табылмағанын хабарлады. Ол аурухана дәрігерлерінің карантиндік стационарда екенін растады. Оның айтуынша, бас дәрігердің орынбасары Әлішер Абдукаримовтің дене қызуы көтерілген. Сол себепті карантинге жіберілген.

Жаббор-Расул ауданындағы ер адамның өлімі әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Көптеген қолданушылар билікті коронавирус туралы шынайы ақпаратты жасырды деп айыптады. Олар аудандық ауруханада коронавирусты анықтайтын тест жүйесі жоғын да алға тартып, ресми органдардың айтқанына мәліметіне келтірген.

Ал Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі басқа мекемелер сияқты орталық аурухананың да карантинге жіберілгенін айтып, әлеуметтік желіде айтылған болжамды жоққа шығарды. Министрлік өкілінің айтуынша, коронавирус белгілері байқалған 22 науқастың сынағы бұған дейін Лондонға жіберілген. Коронавирус табылмаған.

Тәжікстан билігі әлі күнге дейін елде коронавирус барын жоққа шығарып келеді. Биліктің ресми мәлімдемесіне күмән келтіретін сыншылар да бар.

Оқи отырыңыз: Тәжікстан билігі "коронавирус жоқ" дейді, сыншылар күмән келтіреді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG