Accessibility links

АЕ/АР президенті Алматы сотының "Азаттық тілшілеріне кедергі келтіру" ісін қайта тергеуге жіберу қаулысын қолдады


Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі жасаған адамдар. Алматы, 22 наурыз 2019 жыл.
Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі жасаған адамдар. Алматы, 22 наурыз 2019 жыл.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай Алматы қалалық тергеу соты "Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтіру" ісін жүргізген полицейдің әрекетін заңсыз деп танып, істі қайта тергеуге жіберу туралы қаулысын қолдады.

Былтыр 22 наурызда Алматыда өткен наразылық кезінде бірнеше адам Азаттықтың түсірілім тобының камерасын бөгеп, тілшілердің жұмысына кедергі келтірген болатын. Осы оқиғадан кейін Азаттық тілшілері сотқа шағым түсірген еді. Азаттық тілшілері мен адвокаттың айтуынша, көп уақыт өтсе де, іс жылжымаған. Кейінірек Азаттық тілшілерінің адвокаты Айман Омарова "полицияның әрекетсіздігіне" шағымданған. 15 сәуірде Алматы қаласындағы тергеу соты адвокат Айман Омарованың арызымен келісіп, Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкері “Елубаевтың істі жүргізгендегі әрекетін заңсыз деп танып, істі қайта тергеуді тапсырған.

АЕ/АР президенті Джейми Флай
АЕ/АР президенті Джейми Флай

“Соттың Азат Еуропа/Азаттық радиосы тілшілеріне былтыр жасалған бірнеше кедергіні және оған полицияның әрекет етпегеніне қатысты істі тергеуді жалғастыру туралы шешімін қолдаймыз. Полиция журналистерге кедергіні көре тұра әрекет етпегендіктер тілшілерімізге шабуыл жасалып, олардың кәсіби жұмысына кесірі тиді. Мен Қазақстан билігін тағы да бұл іске ерекше назар аударып, шабуыл жасағандарды жауапқа тартуға шақырамын” деді Флай мәлімдемесінде.

Былтыр шабуылға ұшыраған Азаттық тілшілерін бір жылдан астам уақыт бойы осы іс бойынша тергеуге шақырып хабарласпаған.

Видео: Белгісіз топтың журналистер жұмысына әдейі кедергі жасауы (22 наурыз 2019 жыл).

Белгісіз топтың журналистер жұмысына әдейі кедергі жасауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG