Қырғызстанда соңғы бір күнде 4 медицина қызметкерінен коронавирус табылды. Бұл туралы республикалық штаб ақпаратына сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі жазды. Бішкекте - 1, Шу облысында - 2, Ош облысында 1 медицина қызметкеріне вирус жұққан.
Барлығы 195 медицина қызметкеріне COVID-19 диагнозы қойылған. Олардың 105-і айығып, стационардан шыққан.
30 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда барлығы 746 адамнан коронавирус табылған:
- Бішкек қаласы – 183;
- Ош қаласы – 111;
- Ош облысы – 163;
- Баткен облысы – 9;
- Жалалабад облысы – 114;
- Шу облысы - 61;
- Ыстықкөл облысы – 10;
- Нарын облысы – 95;
- Талас облысы - 0.
Эпидемия тарағалы бері коронавирустан 8 адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР