Accessibility links

Шымкентте коронавирустан бесінші науқас қайтыс болды


Дәрігерлер коронавирус жұққан науқасты емдеп жатыр. Көрнекі сурет.
Дәрігерлер коронавирус жұққан науқасты емдеп жатыр. Көрнекі сурет.

Шымкент қаласында коронавирустан бесінші науқас қайтыс болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1942 жылы туған әйел Шымкент қаласының Абай ауданында тұрған. Жедел респираторлық вирус инфекциясы диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Тексеру барысында науқаста коронавирус бары анықталған.

29 сәуірде науқас реанимация бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, әйелде коронавируспен қатар артериалды гипертензия (3-дәрежесі), созылмалы бронхит болған. Емдеу шараларына қарамастан науқастың жағдайы ауырлап, 3 мамырда таңертеңгі сағат 10:20 шамасында қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 27 адам қайтыс болды. Жексенбі күні түсте Қарағанды облысында 1958 жылы туған ер адам қайтыс болған. Дәрігерлер оның пневмонияның ауыр түріне шалдыққанын айтты.

Ресми мәлімет бойынша, 3 мамырда кешке қарай коронавирус жұққан тағы 36 адам анықталған. Алматы қаласында - 7, Маңғыстау облысында - 2,
Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Атырау облысында - 2, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында - 5, Жамбыл облысында - 2, Түркістан облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында 9 адамға вирус жұққан.

Барлығы 3913 адамға вирус жұққан. 1056 адам жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG