Accessibility links

Қытай геноцид туралы айыпты жоққа шығарып, БҰҰ бақылаушыларына "Шыңжаңға есік ашық" екенін айтты


Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінің" бірі. Көрнекі сурет.
Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінің" бірі. Көрнекі сурет.

Пекин "Қытай Шыңжаңда мұсылман топтарды қудалап, геноцид жасады" деген айыпты жоққа шығарды. Қытай сыртқы істер министрі Ванг И 22 ақпанда Женевада БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің отырысында Шыңжаңда "ұйғыр және өзге де аз топтар дін еркіндігі мен жұмыс істеу құқықтарын еркін пайдаланып жатыр" деп мәлімдеді. Ванг Пекиннің Шыңжаңдағы этникалық топтарға жүргізген саясатын Қытайдың адам құқығы саласындағы жетістіктерінің "жарқын көрінісі" деп атады.

Дүйсенбіде Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб Шыңжаңдағы мұсылман топтарға қарсы "жаппай индустриялық масштабта" азаптау, мәжбүрлеп еңбекке жегу және стерилизация жүріп жатқанын айтып, Пекинді айыптаған. Ал Германия сыртқы істер министрі Хейко Маас "Адам құқығы жөніндегі Әмбебап декларация бойынша алған міндеттемелеріміз де этникалық топтарды еркінен тыс күштеп ұстауға тыйым салады.

Бірақ Ванг мырза кеңесте Пекин терроризммен заңға сәйкес күресіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, елде төрт жылдан бері "террористік акт" болмаған, Пекин қазір "қоғамдық тұрақтылық пен дамуды" бастан өткеріп жатыр. Ол Шыңжаңда 24 мың мешіт жұмыс істеп тұрғанын және "осындай қарапайым фактілер ол жақта геноцид, мәжбүрлеп еңбекке жегу немесе діни қуғындау болмағанын көрсетеді" деп айтты" деді.

Қытай "саяси лагерьлерді" жоққа шығарғанмен лагерьлер аумағының кеңейгені, ондағы азаптаулар мен зорлық-зомбылық жайлы зерттеулер жиі жарияланып тұрады.

Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. 2018 жылы жазда БҰҰ "Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман отыр" деп мәлімдеген.

Кей ақпаратқа сай, лагерьлерде тұтқындарға идеологиялық үгіт-насихат жүргізіліп, дін, мәдениет, тілінен бас тартуға мәжбүрлейді. Одан бөлек, мұсылмандар "еңбек лагерьлерінде" жұмысқа жегіледі. Аңдуға ұшырап, қудаланады. Аймақта тууды күшпен бақылау, ата-аналарды балаларынан айыру сияқты адам құқығын өрескел бұзу фактілері бары хабарланған.

Қытай билігі басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді "терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйрететін орталық" деп сипаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG