Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі уәкіл кеттлингті "қауіпсіздік шарасы" деп атады


Арнайы жасақ билікті сынап, шерулетпек болған белсенділердің қозғалуына мүмкіндік бермей, қоршап тұр. Алматы, 28 ақпан 2021 жыл.
Арнайы жасақ билікті сынап, шерулетпек болған белсенділердің қозғалуына мүмкіндік бермей, қоршап тұр. Алматы, 28 ақпан 2021 жыл.

Қазақстан бойынша Адам құқығы жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова полицияның белсенділерді құрсауда ұстау (кеттлинг) әдісін "қауіпсіздікпен байланысты шара" деп атады. Қазақстан полициясы митинг күні белсенділер наразылығының ұлғаюына мүмкіндік бермес үшін оларды қоршап, кеттлинг әдісін жиі қолданады. 28 ақпан күнгі билікке қарсы наразылық кезінде де Алматы мен Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ белсенділерді 3-11 сағат аралығында аязда ұстап, шерулетіп жүруіне мүмкіндік бермеді.

- Оған қатысты ЕҚЫҰ рекомендациялары бар. Бұл қауіпсіздікке байланысты бізге жаңадан келген шара. Сондықтан оны қолдану бойынша қоғамдық белсенділермен отырып, ашық диалог негізінде осы шараны норматив ретінде бекіту керек, - деді Эльвира Азимова. Ол "жиналысқа баруы керектігін" айтып, Азаттықтың қосымша сұрақтарына жауап бермеді.

Полиция осыған дейін кеттлинг әдісін белсенділерге қарсы бірнеше рет қолданып, кейбір наразыларға медициналық көмек қажет болған. Жергілікті құқық қорғаушылар белсенділерді ас-сусыз, дәретханаға жібермей, аязда ұстауды "азаптау" десе, халықаралық құқық қорғаушылар ұйымы мұны "репрессиялық әдіс" деп сынаған.

Ақпан-қаңтар айларында кейбір белсенділер полицияны сотқа бергенмен жергілікті прокуратурадан бұл "заң бұзу емес, жазалауға жатпайтын әрекет" деген жауап алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG