Accessibility links

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны биылғы максимумге жетті


COVID-19 жұқтырған науқастар жатқан ауруханалардың бірі. Мәскеу, 23 маусым 2021 жыл.
COVID-19 жұқтырған науқастар жатқан ауруханалардың бірі. Мәскеу, 23 маусым 2021 жыл.

Ресейдегі аурудың таралуымен күрес жөніндегі жедел штабтың 26 маусымда жариялаған дерегіне қарағанда, елде коронавирус инфекциясының биыл тараған жаңа түрінен қайтыс болғандар саны бұған дейін болмаған шамаға жеткен. Бір күнде 619 адам көз жұмған, былтырғы 25 желтоқсаннан бері мұнша көп адам қайтыс болмаған деп хабарлады билік.

Ал вирус жұқтырғандар саны бір күнде 21 665 адамға көбейген. Ең соңғы рет мұнша көп адам биыл қаңтардың аяғында, коронавирус пандемиясының екінші толқыны саябырси бастағанда тіркелген еді. Жедел штабың мәліметіне сай, Ресейде індет басталғалы коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 5 430 753 адамға жеткен. Билік бұған дейін вирус жұқтырғандардың саны ресми мәліметтегіден бәленбай есе көп болуы мүмкін екенін бірнеше рет айтқан.

Жедел штаб дерегі бойынша, Covid тарай басталғалы Ресейде осы кеселден қайтыс болғандардың жиынтық саны – 132 683 адам. Алайда ажалы коронавирустан келгендердің саны бұдан да көп дейді демографтар, оны жанама түрде билік те мойындайды.

Росстат мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан 2021 жылғы мамырға дейін Ресейде статистика болжағаннан да көп – 431 141 адам қайтыс болған. Бұлардың көбінің өліміне коронавирус себеп болған деп сенімді түрде айта аламыз дейді демографтар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG