Accessibility links

Ауған үкіметі: Балх пен Тахар провинцияларында ауыр шайқас жүріп жатыр


"Талибан" қаланың басым бөлігін басып алғаннан кейін қақтығыс зардабын бағалап жүрген ауған азаматтары. Құндыз қаласы, 8 тамыз 2021 жыл.
"Талибан" қаланың басым бөлігін басып алғаннан кейін қақтығыс зардабын бағалап жүрген ауған азаматтары. Құндыз қаласы, 8 тамыз 2021 жыл.

Ауған үкімет күштері 9 тамызда елдің солтүстігіндегі Балх пен Тахар провинцияларында ауыр шайқас жүріп жатқанын хабарлады. Бір күн бұрын "Талибан" әскері үш провинция орталығын басып алған. Арасында стратегиялық маңызы бар Құндыз қаласы да бар.

Балх провинциясында қақтығыс 8 тамыз кештен бері провинция орталығы Мазари-Шарифке жақын жерде басталған. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосына ауған билігінің өкілдері хабарлады. Егер ол жаққа қосымша күш жіберілмесе, үкіметтің қорғаныс шебі бұзылады.

Балх провинциясы губернаторының ресми өкілі Мунир Фархаттың Азаттыққа айтуынша, үкімет күштерін "Талибанның" оралуынан қорыққан жергілікті тұрғындардан құралған халық жасағы қолдаған.

Аты-жөнін атамаған дереккөзі Азаттыққа 8 тамызда "Талибан" солтүстік-шығыстағы Құндыз қаласы мен Сари-Пуль және Тахар провинциясының орталығы Талоканды басып алды деп хабарлады.

Осылайша соңғы мәлімет бойынша, бес провинция орталығы "Талибан" бақылауына көшкен немесе басым бөлігі солардың бақылауында. 6 тамызда содырлар оңтүстік-батыстағы Нимроз провинциясының орталығы Зарандж бен солтүстіктегі Джаузджан орталығы Шибарганды басып алған.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция 1 мамырдан бастап Ауғанстаннан әскерін әкете бастаған. Содан бері "Талибан" қайта күш алып, көптеген ауданды басып алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG