Accessibility links

Саяси тұтқын Мария Колесникова Гавел атындағы сыйлыққа ие болды


Мария Колесникова.
Мария Колесникова.

Жақында ұзақ жылға бас бостандығынан айырылған, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп атаған белорус оппозициялық саясаткері Мария Колесникова Вацлав Гавел атындағы сыйлыққа ие болды.

Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) тағайындайтын сыйлық жыл сайын құқық қорғаушыларға беріледі. Дүйсенбі күні Страсбургте ашылған ПАСЕ сессиясы кезінде Колесниковаға аталған сыйлықтың берілгені белгілі болды. Сессия кезінде Колесникованың әпкесі Татьяна Хомич сөз сөйледі.

Жиын барысында Мария Колесникованың "шынайы батылдық көрсетіп, өзі айналысқан істі жеке қауіпсіздігін де жоғары қойып, сол үшін өз өмірін тігуге даяр екеніні" айтылды.

Мария Колесникова – 2020 жылы тамызда Беларусьтегі президент сайлауынан кейін Александр Лукашенко режиміне қарсы шыққан оппозиция жетекшілерінің бірі. Беларусьтің күштік құрылымдары былтыр қыркүйекте оны ұстап алып, Украина аумағына шығарып жібермекші болған. Бірақ ол паспортын жыртып тастап, қарсылық білдірген.

Бұдан соң Колесникова қамалып, бірнеше бап бойынша айып тағылды. Оны билікті басып алу үшін астыртын сөз байласты деп те айыптады. Бір жылдан соң жабық сот өтіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

ПАСЕ сыйлығы диссидент, Чехословакия мен Чехияны басқарған Гавел Вацлавтың құрметіне орай тағайындалған. Оның алғашқы лауреаты Алесь Беляцкий болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG