Accessibility links

Бірқатар елдерде түркімен президентіне қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр


Белсенділер Түркіменстанның саяси режиміне наразылық білдірді. Нью-Йорк, 28 қыркүйек, 2021 ж.
Белсенділер Түркіменстанның саяси режиміне наразылық білдірді. Нью-Йорк, 28 қыркүйек, 2021 ж.

Түркіменстанның саяси режиміне қарсы шетелде тұрып жатқан белсенділер қоғам, халықаралық қауымдастықтың назарын аудару үшін кезекті рет акция өткізді.

Акция 28 қыркүйекте Нью-Йорктің БҰҰ-ның штаб-пәтерінде, 29 қыркүйекте Женеваның БҰҰ кеңсесі алдында өтті.

АҚШ және Канадада тұратын акцияға қатысушылар халықаралық қауымдастықты Түркіменстандағы проблемаларға назар аударуға шақырды.

"Түркіменстанда адамдар көмекке зәру, олар коронавирустан өліп жатыр. Бізді ешкім тыңдамайды. Түркіменстанға көмектесіңіздер!", - деді митингті ұйымдастырушылардың бірі Лейла Музапберова.

Наразылық білдірушілер түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің отставкасын талап етіп, елге демократиялық өзгерістер керек екенін жеткізді.

Түркіменстанда ұзақ жылдарға созылған экономикалық дағдарыстың салдарынан халық жұмыс іздеп шетелге кетуге мәжбүр. Бірақ түркімен билігі оларға да қысым жасап, шетелге шығатын төлқұжат бермей жатады.

Наразылыққа шыққан белсенділер адам құқықтарын қорғаушыларды Мансур Мингеловтің жағдайына назар аударуға шақырды.

Адам құқықтарын қорғап жүрген белсенді Мингелов 2012 жылы түрлі қылмыспен айыпталып, 22 жылға сотталған. Ол өзінің кінәсін мойындамайды. Ол түрмеде отырып, бірнеше рет аштық жариялаған. Қазір жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеп жатыр.

Белсенділер наразылық шарасын 30 қыркүйекте де жалғастыратынын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG