Accessibility links

Минск соты елдегі соңғы құқық қорғау ұйымын жапты


Беларусь Хельскинкі комитетінің жетекшісі Олег Гулак.
Беларусь Хельскинкі комитетінің жетекшісі Олег Гулак.

Беларусь Жоғарғы соты елде тіркелген соңғы құқық қорғау ұйымы – ұлттық Хельскинки комитетін жапты. Бұл туралы Азаттықтың Беларусь қызметі хабарлады.

Сот отырысы 30 қыркүйекте өткен. Әділет министрлігі құқық қорғау ұйымын 2020 жылғы президент сайлауы кезінде екі бақылаушының жұмысына ақы төледі, осылайша заңды өрескел бұзды деп айыптаған.

Құқық қорғаушылар заң бұзылғанын жоққа шығарды. Олар үкімет ұстанымы айқын жазылған құжаттың түпнұсқасы берілмегенін де алға тартты.

Шілде айының ортасынан бері Беларусь билігі үкіметтік емес ұйымдарды жаппай жауып жатыр. Құқық қорғау, қайырымдылық, білім, зерттеу және тұтынушылар құқығын қорғайтын бірлестіктерге жабылу қаупі төнді. Олардың өкілдері ұсталып, үйлері мен кеңселері тінтілді, есепшоттары бұғатталды.

Весна" құқық қорғау ұйымының 9 қыркүйектегі мәліметі бойынша, Беларусьте кейінгі үш айда 135 үкіметтік емес ұйым жабылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG