Accessibility links

НАТО бас хатшысы: Ресейлік миссияның сегіз мүшесі арнайы қызметтің өкілі болған


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік атлант альянсындағы ресейлік миссияның сегіз мүшесі "арнайы қызметке қатысы бар" деген негізбен аккредитациясынан айырылғанын растады.

Столтенберг ресейліктерді кетіру туралы шешім "қандай да бір оқиғаға байланысты қабылданбағанын" айтты. Ол НАТО өкілдері соңғы кездері Ресейдің зиянды істері көбейгенін байқағанын және бұл жолы шара қолданатынын ескертті.

Бір тәулік бұрын ресейлік сегіз дипломат аккредитациясынан айырылып, тағы екі қызметкердің орны қысқартылғаны хабарланды. Осымен НАТО-дағы ресейлік миссия 20 адамнан онға қысқарды.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл бойынша пікір беріп, Мәскеуде НАТО-мен келіссөз жүргізу бойынша ешқандай иллюзия қалмағанын жеткізген.

Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова НАТО-ның бұл шешімі Мәскеуді таңғалдырғанын, оған қарсы "жауапты шара" болатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG