Accessibility links

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасы келесі аптада жететінін айтты


Pfizer компаниясы Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинасын 14 қарашаға дейін жеткізуге уәде берді. Бұл жөнінде бейсенбі күні журналистерге денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.

"Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілуі тиіс" деді Шоранов. Оның сөзінен Vlast сайты үзінді келтіреді.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Pfizer арасында жасалған келісімге сай екпе тасымалданады. Елге 4 млн вакцина жеткізіледі. Ол 2 млн адамға екпе егуге жетеді.

6 қазан күні денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын елге жеткізу бойынша келісім жасалғанын хабарлаған еді. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer - ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG