Accessibility links

Қазақстанға Pfizer вакцинасы 10 қарашада жеткізілетіні хабарланды


Сәрсенбі күні кешке Алматы әуежайына коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының партиясы жеткізіледі. Бұл жөнінде Алматы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі жазды.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес бүгін, 10 қарашада сағат 19.45-те Qatar Airways әуе компаниясы Pfizer вакцинасының партиясын жеткізеді" деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұған дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы қараша ортасына қарай елге жеткізіледі, ол 2 млн адамға екпе егуге жетеді деп мәлімдеген.

Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer - ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG