Accessibility links

Байден мен Си Цзиньпин Тибет, Гонконг және Шыңжаң мәселесін талқылады


АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің онлайн кездесуі.
АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің онлайн кездесуі.

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпин телефонмен ұзақ әңгімелесті. Еркін Азия радиосы үш сағаттан астам уақытқа созылған диалог жөнінде "Байден мен Си видеосаммиті ірі қайшылық жағдайында жылы атмосферада өтті" деген тақырыпта мақала басты. Екі басшы Тибет, Гонконг, Шыңжаң мәселесін талқылаған.

Екі ірі держава арасындағы "сауда соғысы да" айтылған. Пекиннің демократиялық Тайвань аумағына қол сұғуы да сөз болған. Қытай коммунистік партиясының адам құқығын бұзуына да назар аударылған.

Сарапшылар 2021 жылы қаңтарда Джо Байден Ақ үйге келгелі бері екі басшының алғаш рет ұзақ сөйлескенін айтып отыр.

Ақ үйдің келіссөз қорытындысы жөнінде таратқан мәлімдемесінде АҚШ өз мүдделері мен құндылықтарын бұдан әрі қарай да қорғай беретіні жазылған. Вашингтон одақтастары мен әріптестерімен бірге 21-ғасырда ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге күш салады.

"Америка дауысы" сайты Байден Тайвань бойынша алдыңғы мәлімдемесін сәл жұмсартқанға ұқсайды деп топшылайды. Мәселен, Ақ үй АҚШ "бір Қытай" саясатын қолдайды, Тайвань тәуелсіздігі мен "Тайвань бұғазында бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіретін біржақты әрекетке қарсы" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG