Accessibility links

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті "саяси тұтқындардың" амнистияға іліну мүмкіндігі жөнінде айтты


ЕО өкілдерінің қатысуымен форум өтіп жатқан кезде ғимарат сыртында саяси тұтқындарды босатуды талап еткен белсенділер. Алматы, 5 қазан 2021 жыл.
ЕО өкілдерінің қатысуымен форум өтіп жатқан кезде ғимарат сыртында саяси тұтқындарды босатуды талап еткен белсенділер. Алматы, 5 қазан 2021 жыл.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев "саяси тұтқындардың" амнистияға іліну мүмкіндігі жөнінде айтты. 2 желтоқсанда Сенат "Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдаған. Оған сәйкес, аса ауыр емес және орта дәрежедегі қылмыспен сотталған мыңға жуық тұтқын бостандыққа шығады.

– Бұл жерде негізі қылмыстың ауырлығына қарайды, қандай баппен сотталғанына қарамайды. Егер бес жылға дейін сотталса, оны "орта дәрежедегі қылмыс" дейді. Рақымшылық заңы онша ауыр емес, орташа ауыр қылмыстарға қолданады, – деді Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Мейрам Аюбаев.

"Демек 405, 174 баппен сотталғандар рақымшылыққа ілінуі мүмкін ғой?" деген сұраққа ол "иә, мүмкін" деп жауап берді.

Қазақстанда құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған 12 белсенді бар. Олардың басым бөлігі 405-бап ("Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу немесе қатысу") бойынша айыпталған. Бұл айыптар Нұр-Сұлтан соты "экстремистік ұйымдар" деп таныған, бірақ Еуропарламент "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше қозғалысымен" байланысты. Жақтастары мен құқық қорғаушылар аталған азаматтар "саяси белсенділігі үшін, пікірін ашық айтқаны үшін" қудаланып қамалды деп санайды. Ал билік елде саяси қудалау барын мойындамайды.

"Саяси тұтқындардың" барлығы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Қазақстанда азаматтық белсенділер көп жағдайда рақымшылыққа іліне бермейді. Бұған дейін рақымшылыққа ілінгенмен одан бас тартқан белсенділер де болған.

Қарай отырыңыз: Рақымшылыққа "саяси тұтқындар" іліге ме? (Қазан айы 2020 жыл).

Рақымшылыққа "саяси тұтқындар" іліге ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

Қазақстандық құқық қорғаушылардың мәліметінше, елде саяси қудалау күшейген. Биыл тамыз бен қараша айы аралығында үш "саяси тұтқын" қамаудан шыққанмен 22 адам саяси белсенділігі үшін қудаланған. Соңғы үш жылдан астам уақыт бойы олардың саны 500-ден асып жығылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG