Accessibility links

ІІМ түрлі аймақта 200-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады

Полиция "митинг орнынан" адамдарды ұстап жатыр. Шымкент, 4 қаңтар 2022 жыл.
Полиция "митинг орнынан" адамдарды ұстап жатыр. Шымкент, 4 қаңтар 2022 жыл.

Ішкі істер министрлігі аймақтарда "қоғамдық тәртіпті бұзған" 200-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады.

Министрлік түнгі наразылықты "заңсыз акция", ал наразыларды "арандатушылыққа шақырушыларға ерді" деп атады.

"Азаматтар тұрақтылыққа және халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасай бастады. Сонымен қатар, азаматтардың жекелеген топтары жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойды. Құқық қорғау және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасалды" делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында "әкімдіктерге шабуыл жасалып", ғимараттар бүлінген.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында "әкімдіктерге шабуыл жасалып", ғимараттар бүлінген.

"Тастарды, таяқтарды, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдаланды" деді министрлік. Ведмство "ішкі істер органының 95 қызметкері жарақат алды. 37 қызметтік автокөлік бүлінген" дейді.

"Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды" делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін оқиға куәгерлері полицияның наразыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, резеңке оқ атқаны, шулы граната қолданғаны жайлы хабарлаған. Көп белсендінің соққыға жығылғаны туралы да хабар тараған. Қазақстанның түрлі өңірінде полиция оқиғадан ақпарат таратқан журналистерді де ұстаған. Арасында Азаттық тілшілері де бар. Алайда ресми хабарламада ол жөнінде айтылмаған.

2 қаңтарда Жаңаөзенде газ бағасына байланысты басталған наразылық бірнеше күн ішінде Қазақстанның барлық-дерлік өңіріне жайылды. 4 қаңтарда Ақтау, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Талдықорған, Тараз және өзге өңірлерде "Жаңаөзенді қолдаған" акциялар өтті. Алматы мен астанада, оралда полиция мен наразылар қақтығысты.

Алматы мен Маңғыстау облысында 19 қаңтарға төтенше жағдай жарияланды.

5 қаңтарда таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкасын қабылдаған. Елде интернет жылдамдығы нашарлап, WhatsApp, Telegram сияқты әлеуметтік желілер істемей қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG