Accessibility links

Алматы көшесіндегі қираған көлік. 8 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі қираған көлік. 8 қаңтар 2022 жыл.

Қазақстан арналары көрсеткен видео Қырғызстанда қарсылыққа ұшырады

9 қаңтар. Қазақстандағы ахуалға шолу.

13:14 9.1.2022

ІІМ елде ұсталғандан саны 5969 адам болғанын хабарлады. Оның ішінде 133 адам "аса ауыр қылмыс жасады" деген күдікпен изоляторға қамалғаны. 516 адам әкімшілік қамауға алынған. Қалғандарына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Елде 7 қаңтарда не болғанын төмендегі live-блогтан шолып шығыңыз:

13:15 9.1.2022

Үкібай "Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығын Тоқаевқа өз еркімен бергенін" айтады

Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев "Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығын Тоқаевқа беру туралы өзі шешім қабылдады" деген мәлімдеме таратты. Оның сөзі қазақстандық басылымдарда жарияланды.

"Елбасы елдегі тәртіпсіздік пен террор жедел, қатаң жауап беру кергін түсінді. Елбасы мен мемлекет басшысы халқын, елін, ұлтының болашағын қорғау үшін әрқашанда баррикаданың бір жағында болды" деп жазды Үкібай.

Бұған дейін Үкібай Назарбаевтың Нұр-Сұлтанда екенін жазған. Бірақ Назарбаев жұрт алдына 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бері шықпады. Әдетте Қазақстандағы негізгі тақырыптарға пікір білдіріп отыратын ол елде қаңтардың басынан бері болып жатқан жағдайға қатысты ешқандай сөз де айтпады.

Елде жағдай ушыққан тұста интернетте Назарбаевтың шетелге кетіп қалғаны жайлы сөздер шыққан еді. Үкібай бұл сөздерді жоққа шығарып отыр.

5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алатынын жариялады.

Қазақстанды отыз жылдай басқарған Назарбаев 2019 жылы наурызда президенттіктен кеткен еді. Бірақ ол 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесінің өмірлік басшысы ретінде билікке ықпал етіп отырған. Кейбір сарапшылар қаңтарда елде болған наразылық пен тәртіпсіздік Назарбаевтың ықпалын әлсіретті деп санайды.

Қазір Назарбаевтың қолында "елбасы" статусы ғана қалды. Заң бойынша, бұл статус оны және оның отбасын қылмыстық қудалаудан қорғайды.

Қазақстан билігі 5 қаңтардан бері елде тәртіпсіздік басталғалы "террористер", "террористік топтар", "содырлар", "шетелден келгендер" деген сөздерді жиі қолданып келеді. Бірақ олардың нақты кімдер екені, қай елдерден келгенін ашып айтпай отыр. Ал 9 қаңтарда мемлекеттік арналар "митингіге қатысу үшін Қырғызстаннан келдім, маған 90 мың теңге береміз деп уәде етті" деген бір ер адамның сөзін қайта-қайта жариялап жатыр.

13:42 9.1.2022

Штаб жиынында елдегі ахуал тұрақтанғаны айтылды

Ақорда сайты президент Тоқаев 9 қаңтарда жедел әрекет ету штабының жинынын өткізгенін хабарлады. Жиында "елдің барлық өңірінде ахуал тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны, органдардың әкімшілік ғимараттарын лаңкестерден тазартқаны" айтылған.

Ақорда күштік құрылымдар "лаңкестердің" орналасқан жерін анықтау, "ұстау" жүріп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан билігі 5 қаңтардан бері елде тәртіпсіздік басталғалы "террористер", "террористік топтар", "содырлар", "шетелден келгендер" деген сөздерді жиі қолданып келеді. Бірақ олардың нақты кімдер екені ашып айтпай отыр.

9 қаңтарда ІІМ елде 5969 адам ұсталғанын, олардың арасында шетелдіктер де барын айтқан.

13:50 9.1.2022

9 қаңтарда қазақстандық мемлекеттік арналар "митингіге қатысу үшін Қырғызстаннан 90 мың теңгеге келген" ер адамның сөзін қайта-қайта көрсетті.

Қырғызстандағы kloopnews сайты қазақстандық телеарналар қайта-қайта көрсетіп жатқан қырғызстандық - джаз музыканты Викрам Рузахунов екенін, музыканттың туыстары оны бірнеше күннен бері таппай жүргенін жазды.

"Музыкант Қазақстанда жиі өнер көрсетіп жүретін. Оның қайда екенін жақындары білмейді. Туыстары оны қинап, бұл сөзді айттырған деп санайды" дейді kloopnews.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG