Accessibility links

Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақтың әуеде "қозғалтқышы істемей" Шымкентке оралды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

9 шілдеде Шымкент - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан Air Astana ұшағының әуеге көтерілген кезде сол жақ қозғалтқышы істемей, қалаға оралуға мәжбүр болған. Бұл ақпаратты әуе компаниясы растады, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

"9 шілдеде Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС 342 рейсін орындау кезінде әуеге көтерілген ВС А320 ұшағының сол жақ қозғалтқышы техникалық себептермен істемей қалды. Экипаж барлық қажетті процедураларды орындап, жағдайды бақылауға алып, Шымкент әуежайына оралу туралы шешім қабылдады" деп хабарлады әуе компаниясы сенбі күні.

Әуе компаниясы оқиғаны индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне қарасты оқиғаларды зерттеу департаментімен бірігіп тексеретінін хабарлады.

Ұшақта болған жолаушылар FlyArystan мен Air Astana компаниясының өзге рейстеріне ауыстырылған. Ұшақта 117 адам болған.

Агенттіктің жазуынша, қазақстандық әуе компанияларына рейстердің кешігуі, жолаушыларды рейстен түсіру, ұшақтағы орын санынан артық билет сату сияқты шағымдар жиі түседі. 8 маусымда Air Astana Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан рейстен жолаушылардың бір бөлігін түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG