Accessibility links

Өзбекстан орталық банкі: Пәтер жалдаудың қымбаттауына ресейліктер әсер етті


Ташкент орталығы.
Ташкент орталығы.

Өзбекстан орталық банкі 2022 жылдың екінші тоқсанына арналған жылжымайтын мүлік нарығына шолуында баспана жалдаудың қымбаттағанын атап өтеді.

Есепке сәйкес, аталған жағдай негізінен туристік маусыммен байланысты. Нақты жағдайда жалдау құнының өсуіне негізінен Ресей мен Беларусь азаматтары үлес қосып отыр.

Мамыр айында баспана жалдау құны доллармен есептегенде 1,7 пайызға, маусымда 2,1 пайызға артқан. Екінші тоқсанда баспана сату-сатып алу келісімдер саны 81,9 мыңға жеткен. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға көп.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін шамамен бір аптадан соң Ташкентте баспана бағасы мен пәтер жалдау құнының қымбаттай бастағаны хабарланған.

Батыс санкциясы күшейген шақта мыңдаған Ресей азаматы өмір сүруге қолайлы елдер іздеп, елдерінен кете бастаған. Олардың бір бөлігі Өзбекстанға уақытша қоныстанған.

Украинадағы соғысқа байланысты ресейліктердің басқа елдерге қоныс аударып жатқаны Еуразия экономика одағына мүше көрші Қазақстан мен Қырғызстанда да анық байқалады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG