Accessibility links

Пекинмен жағдай ушыққан шақта Тайвань әскери жаттығу өткізді


Тайваньдағы әскери жаттығу. 11 тамыз 2022 жыл.
Тайваньдағы әскери жаттығу. 11 тамыз 2022 жыл.

Пекинмен жағдай ушыққан шақта Тайвань 11 тамызда әскери жаттығу өткізді. Бір күн бұрын Қытай Тайвань бұғазы аумағында ірі жаттығуын аяқтаған.

Сәрсенбі күні бір сағатқа созылған жаттығуға жүздеген жауынгер қатысты, бірнеше артиллерия тартылды. Осыған ұқсас жаттығу 9 тамызда өткен.

Тайвань қарулы күштері екі жаттығу да бұрын жоспарланғанын және Пекиннің әрекетіне реакция емес екенін мәлімдеді.

Тамыздың басында АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға сапарынан кейін Пекин мен Тайбэй арасында жағдай ушыққан. Пелоси – аралға 25 жыл ішінде алғаш келген жоғары лауазымды америкалық саясаткер. Қытай сыртқы істер министрлігі Пелоси сапарын елдің егемендігіне нұқсан келтіру деп бағалайтынын айтқан.

  • Қытай билігі Тайванды өз аумағы санайды. АҚШ БҰҰ-ның көп мемлекеті тәрізді Тайваньды тәуелсіз мемлекет деп танымайды, бірақ Қытайдың оны күшпен қосып алу ниетіне қарсы.
  • 2016 жылы Тайвань президенті болып Пекин мәлімдемелерін мойындамайтын Цай Инвэнь сайланғаннан кейін Қытай мен Тайвань арасы күрт суыған.

XS
SM
MD
LG