Accessibility links

Қырғызстан мен Өзбекстан шекараларын жыл соңына дейін бекітуді көздейді


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев. Ташкент, наурыз айы 2022 жыл.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев. Ташкент, наурыз айы 2022 жыл.

Қырғыз парламентінің бірқатар депутаты Өзбекстан мен Қырғызстан өкілдері Уңгар-Тоо, Чоң-Сай және Кемпир-Абад секілді даулы жерлерге қатысты ортақ шешім шығаруға жақындап қалғанын мәлімдеді.

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасын бекіту бойынша үкіметаралық кездесу 9 тамызда Шолпон-ата қаласында басталған.

Қырғызстанның министрлер кабинетінің шекара мәселесі бойынша арнайы өкілі Нәзірбек Бөрібаев шекара мәселесі жыл соңына дейін толық шешіледі деп үміттенеді.

"Екі ел арасындағы шекараның 1170 шақырымы бекітіліп, келісімге келдік. Қалған аймақтарды шешу қаралып жатыр. Биыл жыл соңына дейін аяқтаймыз деп әрекет етіп жатырмыз", - деді ол.

Бөрібаев айтып жатқан әлі шешімін таппаған аумақ шекараның 5% құрайды.

Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 1378 чакырым. 2017 жылғы келісім негізінде шекара сызығының 1170 шақырымы немесе 85 пайызы толық шешілген. Одан кейін тағы 10% шешілгені хабарланған. Бірақ ресми келісімге қол қойылмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG