Accessibility links

Ресей елшіліктері биометриялық паспорттарға құжат қабылдауды тоқтатты


Ресейдің шетелдегі елшіліктері 26 тамыздан бастап 10 жыл мерзімге берілетін биометриялық паспорттарға құжат қабылдауды тоқтатты. Бұл "техникалық себептермен" түсіндіріліп жатыр.

Ресей сыртқы істер министрлігі консул департаменті сайтында құжат қабылдау мерзімі қосымша хабарланатыны жазылған.

Ресейдің кейбір елшіліктерінің сайтарында Ресей азаматтары ескі үлгідегі паспорттарды рәсімдей алатыны жазылған. Ол бес жылға жарамды және онда биометрия деректері жапсырылған микросхема жоқ.

Бұған дейін Ресей билігі ел ішінде берілетін цифрлық төлқұжаттар жобасын тоқтатқан. Оған санкцияға байланысты туындаған чиптер тапшылығы да себеп болғаны айтылды. Пластик карталарға чиптер жетіспейтінін "Сбербанк" атқарушы директоры Ольга Маклашина да мәлімдеген. Банк қызметкерлері ескі карточкалардың чиптерін алып, жаңаларына орнатуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG