Accessibility links

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов: Ресейден келіп жатқандардан кетіп жатқандар көп


Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрған адамдар. Орал қаласы
Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрған адамдар. Орал қаласы

Ресейден келіп жатқандардан кетіп жатқандар көп. Мұны 18 қазанда Қазақстан ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

"Бұрынғы қалпымызға келдік. Қазір Ресейден келіп жатқандардан гөрі кетіп жатқандар көп. Күніне 8-9 мың адам келіп, 10-11 мың шекарадан шығып жатыр" деді министр үкіметте журналистерге берген сұхбатында.

Министр Қазақстанға келген ресейліктер негізінен қай елге кетіп жатқанын айтпады.

Журналистер депортацияланғадар бар ма деген сұрақ қойды. "Көші-қон заңын бұзғандар сот шешімімен елден шығарылады" деген министр депортацияланған ресейліктердің нақты саны мен депортациялау себебін атамады. Қазан айының басында Орал соты түнгі клубта мас болып, жанжал туғызған Ресейдің екі азаматын елден шығару туралы шешім қабылдаған.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" жариялаған. Осыдан кейін Ресейдің әскерге жарамды азаматтары шетелге қашып, бір бөлігі Қазақстанға келген. Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзынсонар кезек пайда болған.

4 қазанда ішкі істер министрі "21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейден 200 мың адам кіріп, 147 мың адам шыққанын, 21-28 қыркүйек арасында Ресейден келетін миграттандар әдеттегіден екі-үш есе көбейгенін" мәлімдеген.

Қазақстан премьер-министрі үкіметке Ресейден қашып келгендерді тіркеуге көмектесу, жұмыспен қамту мәселесін сөз еткен. Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Ресейден келетін мигранттардан сескенудің қажеті жоқ екенін айтқан. Ішкі істер министрі Марат Ахметжаноа қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланбаса, әскери комиссариат іздегенімен Қазақстан бере салмайтынын мәлімдеген.

Мұнан өзге, Қазақстанның цифрландыру министрі 4 қазанда журналистермен сөйлескенде, 21 қыркүйектен бастап Ресейдің 70 мыңнан астам азаматы ЖСН алғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG